Для содержимого этой страницы требуется более новая версия Adobe Flash Player.

Получить проигрыватель Adobe Flash Player

 
 



Негізгі бет

«Дала – Транс» ЖШС – 2002 жылдан бастап өз қызметін көлік қызметі нарығында жүзеге асырып жатқан көлік-экспедиторлық компаниясы.
Компанияның сәтті менеджмент, қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі қысқа мерзім ішінде жақсы жақтарынан көрсетіп, осы қызмет нарығында алдыңғы орындардың бірін алуға мүмкіндік берді.
Компанияның бас директоры – Құрманов Жолдасбек Есенбаевич.
Компания қызметінің негізгі түрлері:

  • Теміржол көлігінде жүкті экспедициялау.

Компания Қазақстан Республикасында ресми экспедитор болып жарияланған және ТМД және Балтық елдеріндерінде өз қызметін көрсетеді.
Ресейдің, Украинаның қара теңіз жағалауындағы және Каспий алабындағы бірқатар порттармен байланыс төселген.
Тасымалдау құрылымында бидай, қант, мақта, қара металл бұйымдарын, құрылыс материалдарын, арнайы жүктерді тасымалдаудың үлес салмағы зор.
Әлемнің кез келген жеріне мультимодальды тасымалдауды ұйымдастыру мүмкін. Компанияда іс жүзінде барлық әлеуетті клиенттермен жеке тіл табысу принципі жүзеге асырылады және сондықтан «Дала- Транс» ЖШС қызметтері түрлі деңгейдегі клиенттерге, олардың ішінде жүк тиеу көлемі бойынша алдыңғы қатардағы ірі клиенттер үшін де сұранысқа ие.
Компанияның мамандарын қазақстандық компаниялардың бірқатары консалтинг қызметтерін көрсету саласында көлік құқығы мен логистика бойынша сарапшылар ретінде тартылды.

  • Операторлық қызмет.

«Дала- Транс» ЖШС басқаруында жабық теміржол вагондары мен цистерналарының паркі бар. Вагондар ыдыстағы күкірт пен көмірсутегін тасымалдау үшін ұзақ мерзімді келісім-шарт негізінде пайдаланылады.

  • Инвестициялық қызмет.

Компания Керчь қ. сұйылтылған газды асыру бойынша ең соңғы заманауи терминалдың құрылысын салуға тікелей қатысады, онда клиенттер үшін жүкті қайта өңдеу, сақтау, кедендік рәсімдеу және жүкті әрі қарай әлемдік нарыққа жөнелту үшін оны асыру бойынша толық қызметтерді ұсынады.
Компания түрлі талаптарда компанияның жее меншігіне жылжымалы составты сатып алу жөнінде ұсыныстарды қарастыруға дайын.

  • Дилерлік қызмет (ТМҚ жеткізу).

«Дала-Транс» ЖШС «Харьков подшипник зауыты» ААҚ ресми өкілі болып табылады. Ресей мен Украинаның теміржол көлігіне арналған өнім шығаратын машина жасайтын зауыттарымен тікелей шарттық қатынастары бар:
  «Выксунский металлургия зауыты» ААҚ
  «В.А.Малышев атындағы зауыт»
«Электротяжмаш»   МК зауыты
  «Изюмский тепловоз жөндеу зауыты» ААҚ
  «Магнитогорский металлургиялық комбинат» ААҚ
Компания теміржол кәсіпорындарының жөндеу кәсіпорындары үшін қосалқы бөлшек жеткізуші болып табылады.


Ауа райы
20.04.2024
Астана +24 +22  
Алматы +23 +21  
Gismeteo

Валюта бағамы
20.04.2024
толығырақ...